Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Түркістан облысы

Қан қысымының көтерілуі және оның алдын алу

Қан қысымының көтерілуі және оның алдын алу

Қан қысымы қан тамырларының (күре тамырлар мен көктамырлардың) қабырғаларына түсетін күш. Қан қысымы адамның жасы мен денсаулығына байланысты болады. Ол қантамырларда бірдей болмайды. Қан қысымы артерияларда, әсіресе, қолқада барынша жоғары болады. Қан жүректен алыстаған сайын қысым да азаяды. Қан қысымы каппилярларға жеткенше төмендеп, веналарда, әсіресе, жоғары және төменгі қуысты веналарда ең төмен болады.


Қан тамырының қысымы – ең көп тараған сырқаттың бірі. Елімізде бұл сырқатпен ауыратын адамдардың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұрындары жасы алпыстан асқандар ауыратын, қазір қырық жастағыларды мазалай бастады. Медициналық статистика бойынша, елімізде әрбір оныншы адам қан тамыры қысымымен ауырады екен. Республика бойынша адам өліміне соқтыратын аурулардың ішінде қан қысымы бірінші орынды алады, екінші орында – ауыр дене жарақаттары, соңғысы – қатерлі ісік аурулары.

Осы бір аурудан сақтану шараларын жұрттың бәрі ойлай бермейді. Қан қысымының қалыпты көрсеткіші тонометр бойынша 120/80 болуы керек. Егер тонометр тілі 140/90, 150/100, 160/110, 170 /120, 180/130 көрсететін болса, бұлар қан қысымы көтерілуінің екінші және үшінші сатысы болып табылады. Қан қысымының көтерілуі адам ағзасындағы қан айналымының бұзылуынан, жүрек қан тамырларының тартылып, оның ішіндегі қанның қою­лануынан болады. Бұл көбіне аз қимылда болатын адамдарда жиірек кездеседі. Бір орында көп отыратын немесе кешке дейін төсектен бас көтермей жататын адамның денесі қозғалыста болмағандықтан, ағзадағы, тамырдағы қан қоюланады да, ішкі температураның қысымы жоғары­лайды. Осындайда адамның басы ауы­рып, самай тұсындағы тамырлары солқылдап соғады. Қан қоюланбас үшін әрдайым қимыл үстінде болған жөн. Жейтін тағамның көлемінің артуы да қан қысымына алып келеді. Салмақтың артуы кезінде қан тамы­рының қысымы жоғарылайды да, бұл жүректі салмақпен жұмыс істеуге мәжбүр етеді.
Ал қан қысымының алдын алғысы келетіндер жиірек қимыл-қозғалыста болғаны дұрыс. Адам қимылдаған сайын оның ішкі энергиясы да қуаттанып, іске қосыла бастайды. Сондай-ақ ағзадағы қан айналу процесі жақсара түсіп, адамның тәбетін арттырады. Зерттеулер біздің еліміздегі қан қысымымен ауыратын адамдардың ең басты қателігі дұрыс тамақтанбау­ екенін анықтапты. Тамақтың уа­қы­тылы асқазанға түсіп, уақытылы табиғи жолмен сыртқа шыққаны денсаулыққа тікелей әсер етеді. Тағы бір мәселе – шайды аз ішу керек. Бүгіндегі шайлардың тоқсан пайызы­ қызыл бояумен боялады. Сол бояу қан арқылы тамырларға тарайды да, тамырдың тар іргелеріне жинала бастайды. Бірте-бірте бояу қалың қатпарға айналып, қан айналу процесін баяулатады. Нәтижесінде өз арнасына сыймай қалған қан басқа шабады. Қысым басқа көтерілгенде кейбір жіңішке тамырлар шыдас бере алмай, жарылып кетеді. Бұл науқас үшін аса қауіпті жағдай. Тек шай ғана емес, сары уайымға түсіп немесе қатты ашуланған адамның да қан тамырлары бірден жарылып кетіп жатады.Сонымен өте қауіпті бұл дертке шалдықпау үшін өзімізге төмендегі 4 жағдайды жасауымыз керек:
- дене салмағын азайту;
- алкогольді ішімдік пен темекіні тастау;
- шай мен кофені аз ішу;
- жаттығуды көп жасау және көп жүру.
Дүниежүзінде миллиондаған адам қан тамыры қысымын төмендету үшін дәрі-дәрмектерді ұзақ және тұрақты түрде қабылдайды. Солай бола тұра, жұмыс істеу қабілетін сақтай отырып, белсенді өмір салтын ұстанады.

 

басқа жаңалықтар