Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Түркістан облысы

Көзімнің ағы мен қарасы атты егіздердің танымдық бағдарламасы Арыс қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылып, ауқымды жобаның тұсауы кесілді

Көзімнің  ағы мен қарасы  атты егіздердің танымдық бағдарламасы  Арыс қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылып, ауқымды жобаның тұсауы кесілді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Арыс қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен киелі шаһарымызда тұңғыш рет «Көзімнің ағы мен қарасындай» атты егіздер арасында ауқымды жобаның тұсауы кесілді. Мақсаты – бүгінгі қоғамда отбасының мәртебесін арттыру, өмірде сирек кездесетін құбылыс – егіздердің дүниеге келуін дәріптеу, ұлттық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыпты насихаттау, демографиялық өсімнің тәрбиелік мәнін ашу, жас аналарды ынталандыру.

Аңыздар мен көркем әдебиеттерде, жалпы әр дәуірлерде әр ұлттың жадында егіздер беймәлім дүниенің жаршысы іспетті болды. Әлемдегі сирек кездесетін таңғажайып оқиға ретінде егіздер мен үшемдер адам санасын қызықтырып, аңыз-ертегілерге арқау болды. Ықылым заманнан бері егіздерді болашақты болжайтын, табиғат және адам өмірінде болып тұратын ерекше жәйттерге әсер ете алатын тылсым күш иесі ретінде де қабылдады.
Егіздер өсу барысында бір-біріне әсер етуі мүмкін. Бірақ олардың мінездері, темпераменті, әдеттері бір-біріне емес, ата-аналарына ұқсайды деп айтқан жөн болар. Оларды жан-жағындағылар әрдайым бір-бірімен салыстыруды еш тоқтатпақ емес. Қала бойынша егіз жұптарды іздестіру барысында түрлі қызықты оқиғаларға куә болдық. Егіздермен тілдесу арқылы олардың жүрегіне жол таба білдік. Байқағанымыздай, кейбір егіздер судың қос тамшысындай бір-бірінен аумай қалса, енді бір егіздер мүлдем ұқсамайды. Алайда бұл медицина тілінде басқаша түсіндіріледі. Дегенмен, егіздерді Алланың пендесіне берген сыйы, қос несібесі деп бағалаймыз.
Халық өсімі – мемлекеттің басты байлығы. Оның ішінде егіз жұптардың қосар үлесі зор. Егіздер Жаратқанның ерекше жаратылысы екені рас. Қазіргі таңда егіз, үшемдердің өмірге келуі жиі кездеседі. Әйтсе де, оларды дүниеге әкелу оңай шаруа емес. Егіздерді дүниеге әкелу қаншалықты қуанышты болса, соншалықты тәрбиелік мәні де зор.
Сондықтан, облыс пен республикада бұрын соңды болмаған, Арыс топырағында тұңғыш ұйымдастырылған егіздер жобасының салтанатты ашылу рәсімінде  қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Садыкова, «Nur-Otan» партиясы жергілікті филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Маханов, қалалық АХАЖ бөлімінің бас маманы Ұ.Нәбиева құттықтау сөзінде осы мәселеге екпін беріп, іс-шараның маңыздылығын айрықша өтті. Жоба аясында «Бақыт – балалы үйге қонады» айдарында тек егіз жұптардың шеруі өтіп, концерттік бағдарламасы қойылды. Аса ауқымды шараға 150-ден астам егіз жұп, яғни, 300-ден аса сыңар қатысты. Ішінде үшемдер де бар. Егіздердің ең кішісі бір жастан басталса, қызыл кілем үстімен қариялар да жүріп өтті. Арасында көп балалы аналар, егіз, үшемдер тәрбиелеп отырған отбасылар қатары көп. Сонымен бірге, бұл күні егіз сыңарлар көп оқитын білім ошақтары – Е.Молдабаев атындағы, «Арыс» бастауыш, С.Сейфуллин және В.Комаров атындағы жалпы орта мектептері рекорттық көрсеткіштері үшін марапатталды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

басқа жаңалықтар