Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Түркістан облысы

«Өлеңім – өнерім, әнім – әлемім» атты жас ұстаздар арасында байқау өтті

«Өлеңім – өнерім, әнім – әлемім» атты жас ұстаздар арасында байқау өтті
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, ақындық өнерін шыңдау және қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрып һәм халық әндерін насихаттау, сондай-ақ, жастардың қазақ әдебиеті мен өнеріне қызығушылығын арттыру, жас ұстаздар арасында жаңа таланттар мен шығармашыл ұстаздарды анықтау мақсатында қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен И.Журба атындағы жалпы орта мектебінде «Өлеңім – өнерім, әнім – әлемім» атты байқау болып өтті. Оған 29 үміткер қатысты.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде әнші жас ұстаздар табиғи дауыста дәстүрлі ән шырқаса, 2-кезеңде үй тапсырмасы негізінде эссе жазып, оның мән-мағынасымен таныстырды. Ал, 3-кезеңде жеребе тасталып, берілген тақырып бойынша ақын мұғалімдер табан астында екі шумақтан өлең шығарды. Қазылар алқасы өз кезегінде байқау шарттарын орындау деңгейінен бастап сахна мәдениеті, сахналық киім үлгісі, шығарманың мазмұны мен өзектілігін ескерді. Байқау қорытындысын жарияламас бұрын олар қатысушылардың жақсы қырлары мен байқау барысында орын алған олқылықтарына тоқталып, пікір мен ұсыныстарымен бөлісті. Жас ақындар арасынан бас жүлдеге осы жолдардың авторы Бостанова Шолпан (И.Журба мектебі) лайық деп танылса, 1-орынды Қамбаров Самат (С.Ерубаев мектебі) иеленді. Ал әншілер арасынан бас жүлдені С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің  жанынан ашылған «Мөлдір бұлақ» шағын орталығының тәрбиешісі Әміреева Меруерт қанжығаласа, 1-орынды Кадирова Гүлнұр (М.Мәметова) еншіледі. Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға тиісті дәрежедегі дипломдар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

басқа жаңалықтар