Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Түркістан облысы

Қарақұйрықты қорғайық

Қарақұйрықты қорғайық

Табиғат – біздің бaйлығымыз. Оны қорғау – барша адамзаттың парызы. Жер бетіндегі тіршіліктің өсіп-өнуіне, қоршаған ортаның өр-кендеуіне көмек көрсетсе, аң-құстың көбеюіне мол мүмкіндік жасалар еді. Заңсыз аң аулаушы салдарынан табиғатты мекендеген аң-құстардың азайып кетуі – қауіпті құбылыс.

Оңтүстік аймақты мекен­де­ген аң-құстар көбею үшін ерекше қорғалатын аймақта аң аулауға тыйым салынған. Әсіресе, Көксарай, Маяқұм, Көлқұдық тас жолының сол жағы мен Қызылқұм, Байыр­құм округіне дейінгі аймақтар мен мемлекеттік «Арыс – Қарақтау» қорығынан заңсыз аң аулауға болмайды. «Арыс – Қарақтау» аң-құстары «Қызыл кітапқа» енген. Айталық, қарақұйрық, жорға дуадақ, бүркіт, қарабауыр бұлды­рық, ителгі бар.
Қарақұйрық – қазіргі кезге дейін жер бетінде сақталып қалған киік арасындағы жалғыз солтүстік түр. Тарихи тұрғыдан қарақұйрық көне заманның солтүстік жарты шарының барлық шөл даласын мекен еткен жабайы тұяқты жануарлардың ең көп түрінің бірі болды. Оның көп таралғандығы туралы дерек олардың мекен еткен аумақтарында тұрған түрлі халықтардың шежірелері мен ауызша баяндаулалары мен эпостарында кездесетіндігін дәлелдейді.  Қара­құйрық – қатты қиыршықты және сазды жамылғылы бо­лып келетін әртүрлі шөл дала­ны мекендейді. Шөл дала, әсіресе, жазда жануар­дың көп шоғырын азықтан­ды­ра ал­май­ды. Сол себепті қара­құйрық жалғыз жү-реді. Кейде 2-5 бастан кішкене топ болып кездеседі.
Бізде орман мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында рейд тексеруі жиі ұйымдасты­ры­лады. Заң бұзушылық анық­талған жағдайда хаттама толтырылып, тиісті органға тапсы-рылады. Қуантарлық жағдай, об­лыс­та қарақұйрықтың саны көбейіп келеді. Қалай десек те, қор­ғау­шысы болса, аң-құстың қай түрі де тез жетіліп, жедел кө­бейеді. Тек соған мүм­кін­дік жасай білуіміз керек.

 

басқа жаңалықтар