Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Түркістан облысы

Көзі тірі қос ардагерге құрмет көрсетті

Көзі тірі қос ардагерге құрмет көрсетті
8 мамыр күні Жеңіс күніне орай қала әкімі М.Қадырбек, ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Исламбеков, әскери гарнизон командирі К.Нұрмағанбетов, қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы Э.Билалов, «Қазпошта» АҚ Арыс қалалық филиалының басшысы С.Табылов Ұлы Отан соғысының ардагерлері Кенжебеков Қасымбек пен Нарбаев Абылайдың үйіне арнайы барып, майдангерлерге ыстық ықыласын жеткізіп, сый-сияпат көрсетті.
– Сіздер соғыс және соғыстан кейінгі жылдары қажырлы еңбектеріңізбен бүкіл халықтың құрметіне бөленіп, кейінгі ұрпаққа үлгі болдыңыздар. Қазақстандықтар мұны мәңгі жадында сақтайды, әрдайым ардагерлерді сыйлап, оларға қамқорлық көрсетеді. Сіздерге денсаулық, қуат, баянды бақыт тілеймін, - деп қала әкімі М. Қадырбек жылы лебізін білдірді.

басқа жаңалықтар