Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Түркістан облысы

Дарынды ұрпақ - ел болашағы

Дарынды ұрпақ - ел болашағы

Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі. Қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі. “Қазір бой жарыстаратын емес, ой жарыстыратын заман”, - деп Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз .

Осы орайда, қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Дарынды ұрпақ – ел болашағы" тақырыбында қалалық дарынды оқушылар форумы өтті. 2018-2019 оқу жылында түрлі бағытта жетістікке жеткен дарынды оқушылардың құрметіне арналған форумның мақсаты – талантты жастардың қатарын арттыру, жеңіске ынталандырып қолдау көрсету, жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал ету және ел келешегіне аса қажет мамандықтар мен кәсіби мамандардың болашақ резервін дайындау. Форумға қала әкімі М.Қадырбек, қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық мәслихат депутаты Ғ.Құмарбеков, қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Мұсаев, қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесінің төрағасы Ж.Мұхаев, кәсіпкерлік палатасының директоры М.Төлебеков және мектеп директорлары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, директордың оқу, тәрбие, әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары және пән мұғалімдер мен оқушылар қатысты. "Нұрлы елдің дарынды жастары" бейнеролигімен бастау алған форум 2018-2019 оқу жылында облыстық, республикалық деңгейдегі жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар олимпиадасы мен ғылыми жобалар конкурстары, білім сайыстары мен байқаулары, өнер және спорттық сайыстарында жетістікке жеткен оқушылардың шеруіне ұласты. Еліміздің даму стратегиясына сай бүгінгі ұрпақтың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда педагог мамандардың ғылыми шығармашылық ізденістері күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселе. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, танымдық ізденімпаздығын дамыта отырып, білімділік пен ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу – қоғамдық мәні зор мәселе. Сондықтан да ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударып, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2018-2019 оқу жылында дарынды оқушылар мен атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі жөнінде білім бөлімінің әдіскері Динара Ахметжанова баяндады. Жиында қала әкімі М.Қадырбек: "Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы Сіздерге – Сіздердің білімдеріңізге, энергияларыңыз бен патриотизмдеріңізге байланысты. Біз қазір жасап жатқанның барлығы Сіздердің бақытты өмірлеріңіз үшін, Сіздер өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық мәнде жүзеге асыра алуларыңыз үшін жасалып жатыр. Жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсай беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс пен бақ-береке тілеймін!" - деп, жылы лебізін білдірді. Қалалық дарынды оқушылар форумында халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі байқаулар, сайыстар, олимпиадалар, спорттық жарыстар мен спартакиадалар, фестивальдарда, т.б. жетістікке жеткен оқушы қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

басқа жаңалықтар